Референдумда халықтың дауысы маңызды – Аида Балаева

210

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Референдумда халықтың дауысы маңызды – Аида Балаева Фото: inbusiness.kz

Министр Ұлттық академиялық кітапханадағы №164 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

"Мемлекеттің барлық қадамы ең бірінші еліміздің тұрақты дамуы, одан кейін халқымыздың әл-ауқатының жоғары болуына бағытталған. Сондықтан АЭС-тың салыну мәселесі саяси мәселе емес болса да, бұл экономикалық тұрғыдағы мәселе. Бұл ертеңгі еліміздің дамуына бірден-бір ықпал ететін мәселе. Осы мәселеде ең бастысы халқымыздың дауысы маңызды. Өйткені қоғамда әртүрлі пікірлер болғаннан кейін мемлекет осы референдумды жасауға қадам басты. Бүгін елдің болашағына жауапты адамдардың барлығы сайлау учаскелеріне келіп отыр", – деді ол.

Министр қазақстандықтар референдумда белсенді дауыс беріп жатқанын айтты.

"Бұқаралық ақпарат құралдарынан шетелдегі азаматтарымыздың да белсенділігін көріп жатырмыз. Үлкен ауылының адамдары да осы науқанға қатысып, белсенді дауыстарын беруде. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды, тағдыр кешті мәселе. Әр адам оған немқұрайлы қарамай, өзінің дауысын беруі керек", – деді Аида Балаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу