Аида Балаева Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

69

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аида Балаева Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді Фото: gov.kz

Жиынға салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Отырыс барысында өңірдің денсаулық сақтау саласында халық денсаулығының жекелеген көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер байқалғаны атап өтілді. Шығыс Қазақстан облысы – 2025 жылы ана өлімі тіркелмеген санаулы өңірлердің бірі.

Сонымен бірге, медицина мамандары тапшылығына байланысты жүйелі мәселелердің бар екені және бір жастағы балаларды вакцинациялау көрсеткіші бойынша өңірде белгіленген меже орындалмағаны айтылды.

Облыста ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл сала бойынша нақты нәтижелер бар. Атап айтқанда, 664 ғылыми жұмыс жарияланып, 67 әзірлеме өндіріске енгізілген. Өңірде өңдеу өнеркәсібіне арналған кобальтсыз қатты қорытпалар әзірленуде, сондай-ақ травматология мен ортопедияда қолданылып жатқан 20-дан астам медициналық имплантат түрі жасалады.

Сонымен қатар, облыста орта білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді. Өңірде қосымша назар аударуды талап ететін негізгі бағыттар айқындалды. Мәселен, оқушылардың оқу сауаттылығын, математика және жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша сауаттылығын жүйелі түрде дамыту жұмыстарын күшейту қажеттігі көрсетілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желісі бойынша өңірде жұмыссыздар саны, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықтың артқаны байқалады. Ведомство деректеріне сәйкес, өндірістік жарақаттану мәселелеріне де айрықша өзекті.

Өңірде туристік инфрақұрылымды, навигация мен саланы ақпараттық қолдауды, сондай-ақ инклюзивті спортты дамыту қосымша назар аударуды қажет етеді.

Жиын қорытындысы бойынша Аида Балаева әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу