Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

226

Бүгін, 15 тамызда Шымкентте ҚР  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қала тұрғындарымен кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Президент тапсырмасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында министр ведомствоның негізгі жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Ашық диалог барысында Шымкент тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарын тыңдады.

Аида Балаеваның сапары БАҚ өкілдерімен өткен брифингпен қорытындыланды. Онда медиа, жастар саясаты және мәдениет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу