Аида Балаева: Ұлттық құрылтай – ел дамуының бағытын айқындайтын бірегей платформа

365

Бүгін құрылтайдың жұмыс секцияларының жиыны басталды.

Аида Балаева: Ұлттық құрылтай – ел дамуының бағытын айқындайтын бірегей платформа Фото: gov.kz

Ұлттық құрылтай ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын бірегей платформаға айналды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың "Мәдениет. Өнер. Руханият" жұмыс секциясының жиынында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ертең Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтеді. Бүгін құрылтайдың жұмыс секцияларының жиыны басталды.

"Ұлттық құрылтай ұлт зиялыларының қоғамдағы қордаланған мәселелерді талқылайтын, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын бірегей платформаға айналды. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысынан бастап жұмыс форматы өзгерді. Қазір "Азаматтық қоғам", "Мәдениет. Өнер. Руханият", "Білім және ғылым", "Әлеуметтік-экономикалық даму" деп аталатын 4 секция жұмыс істейді", - деді Аида Балаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу