Аида Балаева: "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасының қаражаты көбін қызықтырып отыр

945

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасына 119 млрд теңге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аида Балаева: "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасының қаражаты көбін қызықтырып отыр

"Көбісін жобаны қаржыландыру мәселесі қызықтырып отыр", – деді А. Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Бұл соманың негізгі бөлігі (110 млрд теңге) республикалық бюджеттен бөлінеді, ал қалғаны (9 млрд теңге) жергілікті бюджеттен қарастырылған екен.

"Бағытталатын әр теңгені мамандар есептеп, әр жоба тыңғылықты қаржылық сараптамадан өткен. Осы жобаларды жүзеге асыру барысы үнемі тұрақты бақылауда болады. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру кезінде инвестициялар да тартылмақ", – деп сендіреді Балаева.

Аталмыш жоба 2021-2025 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. 
Әлеуметтік желіде, расымен де, қаражаттың көп бөлінгенін сынап, оның орынды жұмсалатынына күмән келтірушілер бар.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу