Аида Балаева жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыстады

178

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері және министрлік жанынан құрылған "Алқа" жастар әдеби клубының мүшелері қатысты.

Аида Балаева жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыстады Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін, 25 ақпан күні ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар Одағының стратегиялық әріптестігі аясында "Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы" жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері өтті.

"Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық 2023 жылы Президент Жарлығымен тағайындалып, отандық әдебиет әлеміндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды. Бұл – Мемлекет басшысының мәдениет саласын жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған бастамаларының бірі. Бұл сыйлықтың басты мақсаты – шығармашыл жастарды қолдау, жаңа туындылардың жарық көруіне жол ашу. Мемлекет басшысының мәдениет пен өнерді дамытуға ерекше мән беруі – оның ұстанып отырған реформалары мен бастамаларының заңды жалғасы. Өйткені мәдениетті, әдебиетті дамыту – жас ұрпақтың жан-жақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі. Ал рухани тұрғыдан кемелденген, білімді, еңбексүйгіш әрі патриот азаматтардан құралған қоғамда Заң мен Тәртіп үстемдік құрады, адамдар өз әрекеттері үшін жауапкершілік алады, дәстүрге құрметпен қарап, ұлттың негізгі құндылықтарын ардақтайды", – деді Аида Балаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу