Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат тарады

224

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады.

Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат тарады Фото: Ақорда

Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын хабарлайды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу