Аида Балаеваның қызметі ауысты

2184

Ол ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Аида Балаеваның қызметі ауысты Фото: inform.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын",– делінген тағайындау туралы құжат мәтінінде.

Ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу