Аида Сатыбалдинованың кезекті қарсыласы анықталды

553

Аида Сатыбалдинованың кезекті қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың (3-0-1) кезекті қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтемемен. 

Мұхиттың ар жағында "Спарта Ледиі" және "Әйелдер арасындағы GGG" атымен танымал болған отандасымыз өзінің келесі жекпе-жегін 15 маусымда Индастри қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) өткізеді.  Ол кәсіби рингтегі жергілікті дебютант Пеппер Шэниан Диксонмен айқасады. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде болады және төрт раундқа созылмақ.

Еске сала кетейік, Сатыбалдинова Тихуанда (Мексика) өткен соңғы айқасында төрешілердің шешімімен мексикалық Аннетте Пабельоны жеңіп, WBF International тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін иемденген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу