Италия Орта дәліздің әлеуетін жоғары бағалады

109

Тиісті жоба жеткізу тізбегі мен тұрақтылыққа айтарлықтай серпін береді. 

Италия Орта дәліздің әлеуетін жоғары бағалады Фото: Ақорда

Бұл туралы Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап. 

"Орта дәліз ең келешегі зор және ең тартымды бағыт болып саналады. Бұл жобаның жариялануы Еуропалық Одақ пен Самарқандта бастама ретінде көтерілген стратегиялық ынтымақтастықтың орталығында болып, жеткізу тізбегі мен тұрақтылыққа елеулі үлес қосады деп сенеміз", - деді Джорджа Мелони. 

Айта кету керек, күні кеше Астана халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Руанда Президенті Қазақстанды гүлденген елдердің қатарына жатқызғанын жазған едік. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони Астана халықаралық форумына қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу