АИИБ қазақстандық энергетика үшін арзан қаржы ұсынуға дайын

925

АИИБ қазақстандық энергетика үшін арзан қаржы ұсынуға дайын

Азия  инфрақұрылымдық  инвестициялар  банкі (АИИБ) энергетика нысандарының құрылысы үшін ұлттық валютада Қазақстанға арзан қаржы ұсынуға дайын, деп мәлім етті ҚР ұлттық экономика министрі   Тимур Сүлейменов. Бұл туралы КазТаг хабарлайды.
"АБИИ біз үшін тағы бір арзан ақша көзін ұсынып отыр. Басқа қаржылық институттарға қарағанда бұл банк энергетика саласына қарыздар ұсынады.  Қалғандары негізінен жаңартылатын энергетикаға, ауыл шаруашылығына береді, ал энергетикалық жобаларға оларда мандат жоқ. Сондықтан, егер біз электрстанциясын салғымыз келсе, ЕҚДБ-нен қаржы тарту қиынға соғады, мысалы", - деді Т.Сүлейменов сәрсенбі күні АИИБ-дегі Қазақстан мүшелігін заңды тұрғыда реттеуге бағытталған заң жобасын талқылау барысында.
"Азия банкі мұндай жобаларға ақша береді. Құрылтайшы құжаттарының өзінде ұлттық валютада қаржы ұсыну мүмкіндігі жазылған, ал біздің жағдайымызда   теңгемен. Бұл валюталық қауіп-қатерді барынша төмендетеді", - деп түсіндірді ол.  
Министр еске салғандай, АИИБ жарғылық капиталы  $100 млрд құрайтын жаңа қаржылық институт болып табылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу