"Air Asia" Қазақстанға жаңа рейстер ашуға ниетті

853

Air Asia – Азиядағы ең ірі және әлемдегі 13-ші бюджеттік әуекомпания.

"Air Asia" Қазақстанға жаңа рейстер ашуға ниетті

Азияның "Air Asia" ірі төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы Қазақстанға жаңа рейстер ашуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Куала Лумпур қаласында қазақстандық делегация Air Asia компаниялар тобының иелерінің бірі және негізін қалаушы Датук Камарудин бин Меранун мырзамен және AirAsia әуекомпаниясының атқарушы директоры Беньямин Исмаил мырзамен келіссөздер жүргізді.

Малайзия тарапына әлемдік ірі қаржы орталықтарына Қазақстан арқылы 5-ші әуе еркіндігі бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды әуежайларында ұшуды орындау мүмкіндігі ұсынылды. "Ашық аспан" режимі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларына таралады.

Өз кезегінде Датук Камарудин бин Меранун мырза Еуропаның Рим, Милан, Ницца қалаларына және Нью-Йоркке (АҚШ) 5-ші әуе еркіндігі бар Алматы қаласына тікелей рейстерді ашуға қызығушылық білдірді.

Айта кетсек, Air Asia – Малайзияның бюджеттік әуекомпаниясы, Азиядағы ең ірі және әлемдегі 13-ші бюджеттік әуекомпания. Әлемнің 22 елінде 152 бағыт бойынша ұшуларды орындайды. Әуе паркі 265 әуе кемесінен тұрады. Әуетасымалдаушының басты транзиттік хабы – Куала-Лумпур халықаралық әуежайы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуекомпания 44,3 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% - ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу