Компания Қазақстан өз қызметін 2023 жылдың көктем-жаз айларында бастайды деп күтілген болатын. Алайда жоспар уақытылы жүзеге аспайын деп тұр.
Мұның себебін Алматыда өткен брифингте Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз Air Asia-ның нарыққа келуін күтіп жүрміз. Бұл әлемдегі ең үлкен арзан әуе компаниясы. Біз олармен үнемі байланыстамыз. Осы жазда рейстер орындай бастайды деп күтілген еді, бірақ қазір ұшақтарды жеткізуде қиындықтар туындады. Жыл соңына дейін Air Asia Қазақстанға ұшуды бастайды деп күтеміз", – деді Талғат Ластаев.
Бұл ретте Комитет басшысы шетелдік арзан авиакомпаниялардың Қазақстанға ұшуына еш кедергі жоқ екенін атап өтті.
"Бізде ашық аспан режимі бар, ешқандай шектеулер жоқ. Біз бәсекелестіктің дамуын қолдаймыз. Сонымен қатар, Қытай ашылды, бұл да қатты әсер етеді", - деді Ластаев.
Air Asia Куала-Лумпур мен Бангкоктан Алматыға аптасына төрт жиілікпен рейстер ұсынады деп күтілуде. Осыдан кейін Астанаға аптасына үш рейс ашылады деп жоспарланған болатын.
Аталған компания ұшақтары әлемнің 25 елінде 400-ден астам бағытқа қатынайды.