Air Astana 2016 жылы жолаушы легін 3%-ға қысқартты

954

Air Astana 2016 жылы жолаушы легін 3%-ға қысқартты

Қазақстанның Air Astana әуе компаниясы 2016 жылы 3,7 млн жолаушыға қызмет көрсеткен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

"Өткен 2015 жылмен салыстырғанда жолаушылар ағынының деңгейі 3%-ға немесе 113 мың  395 адамға аз", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

2016 жылы әуе компаниясы 16,713 мың тонна жүк  тасымалдаған, бұл 2015  жылмен салыстырғанда 7%-ға көп.

Air Astana – "Самұрық-Қазына" және BAE Systems-тің (51% және 49% акцияларына ие) бірлескен кәсіпорны.

Air Astana 2002 жылғы 15 мамырдан бастап тұрақты рейстер жасауға кірісті және қазіргі таңда Алматы, Астана және Атыраудан атқарылатын 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын бағдар желісі бар.  Әуе компаниясының паркі Boeing-767-300ER, Boeing-757-200, A320 және Embraer E190, Airbus A320neo әуе кемелерінен тұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу