Air Astana 2017 жылдың шілдесінен бастап Лондонға ұшулар жиілігін арттырады

857

Air Astana 2017 жылдың шілдесінен бастап Лондонға ұшулар жиілігін арттырады

2017 жылдың маусым айынан бастап  Air Astana әуе компаниясы Астанадан Лондонға аптасына бес күн ұшатын болады деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

"2017 жылдың маусым айынан бастап  Air Astana әуе компаниясы Астанадан Лондонға жексенбі күндері қосымша бесінші жиілікті енгізеді. Осылайша Ұлыбритания астанасына ұшатын рейстер аптаның  сәрсенбі және жұма күндерінен басқа уақыттың барлығында орындалатын болады. Рейс  экономикалық санаттағы 150 орын, бизнес-санатындағы 16 орын конфигурациясы бар "Боинг-757" лайнерінде іске асады", – делінген хабарламада.

Астанадан Лондонға ұшу ұзақтығы 7 сағат 10 минутты, кері қарай 6 сағат 25 минутты құрайды .

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, транзитті жолаушылар үшін Қазақстан қалаларында, сондай-ақ Бішкек, Үрімші, Тбилиси, Новосибирск, Екатеринбург қалаларында түйісу қарастырылған.

Air Astana 2002 жылдың 15 мамырынан бастап тұрақты рейстерді орындауға кіріскен, дәл қазіргі уақытта 60-тан астам халықарылық және ішкі рейстерді қарастыратын бағдарлық желісі бар. Әуе компанияның әуе флоты батыста шығарылған 31 ұшақтан тұрады. Оның ішінде  Boeing 767-300ER, Boeing 757-200,  Airbus A320 және Embraer E190 бар.

Air Astana – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат мемлекеттік қоры мен британдық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу