Air Astana 2017 жылы Киев пен Ұлан-Баторға рейстер ашады

1012

Air Astana 2017 жылы Киев пен Ұлан-Баторға рейстер ашады

Air Astana 2017 жылы Астана – Киев және Астана – Ұлан-Батор тұрақты рейстерін ашуды көздеп отыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне компанияның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2017  жылы Новосібір, Екатеринбор, Омбы, Тбилиси, Бейжің, Сеул, Дубай, Лондон, Бангкок, Теһран  секілді жұмыс істеп тұрған бағыттардың қатынау жиілігі артады.
Мәлім болғандай, Air Astana әуе компаниясы 2017  жылдың жазында Астана – Ұлан-Батор әуе рейсінің мәселесін шешпекші.  Қазақстанның елордасы мен Ұлан-Батор арасындағы тікелей рейс 2016  жылдың маусымында ашылатын болған. Air Astana Моңғолияның азаматтық авиация органдарынан тіркеуден сәтті өтіп, наурыз айында Моңғолияға ұшуға рұқсат алған еді. Алайда  2016  жылдың сәуірінде Ұлан-Батор  рұқсатты бір жақты тәртіпте қайтарып алды. Air Astana Моңғолияның авиация басшыларының мұндай шешімін негізсіз деп санайды әрі оны қайта қарауға шақырып отыр.
Air Astana – "Самұрық-Қазына" және BAE Systems-тің (51% және 49% акцияларына ие) бірлескен кәсіпорны.

Air Astana 2002 жылғы 15 мамырдан бастап тұрақты рейстер жасауға кірісті және қазіргі таңда Алматы, Астана және Атыраудан атқарылатын 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын бағдар желісі бар.  Әуе компаниясының паркі Boeing-767-300ER, Boeing-757-200, A320 және Embraer E190, Airbus A320neo әуе кемелерінен тұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу