Air Astana 2024 жылға қарай IPO-ға шығуы мүмкін

520

2022 жылы компанияның табысы 1 млрд теңгеден асты.

Air Astana 2024 жылға қарай IPO-ға шығуы мүмкін Фото: Elitar.kz

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жаңаділ мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі 

Бүгін Астана төрінде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін Astana Finance Days форумы басталып кетті. Іс-шара барысында мамандар алдағы уақытта IPO-ға шығуы мүмкін компанияларға тоқталып, халықты инвестиция құюға ынталандыру жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.

"Air Astana IPO-ға шығуға толық дайын. 2022 жылы олардың табысы 1 миллиардтан асты - бұл олардың ең үлкен көрсеткіші. Олар сондай-ақ акционерлеріне жақсы дивидендтер төлейді, сондықтан олар дайын деуге толық кепіл бар. Алайда біз екінші акционердің де пікірін құрметтеуіміз керек, келіссөздер әлі жүргізілуде, дегенмен листинг 2024 жылы болады деп күтеміз. Біз осы уақытқа дейін нарықтардағы дүрбелең жойылып, қолайлы уақыт туады деп сенеміз", - деді Ернар Жаңаділ.

Сонымен қатар, оның айтуынша өткен жылы "ҚазМұнайГаз" IPO аясында алға қойылған мақсаттың барлығына жете алған, тіпті, шалғай аудандарда, ауылдарда инвесторлар қатары артқан. Нәтижесінде 130 000 инвестор тіркелді. 

"Сондықтан, АХҚО мен AIX биржасы шетелдік қор алаңдарына жақсы балама бола алатынына сенімдімін", - деп қорытындылады спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу