Еске сала кетсек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізгенін хабарлаған. Соның нәтижесі бойынша Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкереленіп, 6,7 млрд теңгеге айыппұл салынғанын мәлімдеді. Алайда бұл ақпаратты әуе компаниясы жоққа шығарып отыр.
"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Эйр Астана" АҚ-ға әуетасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік айыппұл салу туралы ақпаратына қатысты мынаны хабарлаймыз. Әуекомпания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Әуекомпанияның көптеген тергеулері мен тексерулері монополиялық жоғары бағаларды белгілеу үшін, тасымалдаушының жұмысында бұзушылықтарды анықтаған жоқ", – деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
Агенттік жүктеген құқық бұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз, деп есептейді отандық компания.
"Ең алдымен, әуекомпаниялардың отын алымын алуы заңды құқық болып табылады және "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңында қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы Агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту соттың істі қарауы көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуекомпаниясы сот актісіне шағымданады. Ал Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қ. МАӘС-тың Агенттіктің әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады", – деп хабарлады әуе компаниясы.