Air Astana акциялары сатылымға шықты

416

Air Astana әуе компаниясының құнды қағаздары Лондон қор биржасы мен AIX алаңында сатылымға шықты.  

Air Astana акциялары сатылымға шықты Фото: Inbusiness.kz

Кәсіпорынның бір акциясы 1000 теңгеден басталады.

"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының хабарлауынша, қызығушылық танытқан инвесторлардың жартысынан көбі - қазақстандықтар.

Айта кетейік, бұған дейін әуе компаниясы акцияларын халықаралық биржаларда IPO-ға шығарғалы жатқанын хабарлаған едік. Кәсіпорын 120 миллион доллардың бағалы қағаздарын сатуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу