Осы бастама аясында 2026 жылғы 29 наурыздан бастап "Air Astana" әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін іске қоспақ, деп жазады inbsuiness.kz сайты.
Жаңа бағыттағы ұшулар аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің жалпы жиілігі аптасына 81-ден 84 рейске дейін артады.
Жаңа бағыттың ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, іскерлік сапарлар мен туристік алмасудың жандануына оң ықпал етеді деп күтілуде.