Air Astana 2020 жылдың маусымынан бастап Алматыдан Парижге аптасына үш мәрте рейс орындайтын болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Алматы – Париж" рейстері ауе компаниясы 2019 жылы қазанда сатып алған ұзақ бағытқа ұшатын Airbus A321LR ұшағымен аптасына үш рет орындалады",– делінген хабарламада.
Ұшулар Алматыдан сәрсенбі, жұма, жексенбі күндерге жоспарланып отыр, ұзақтығы – 7 сағат 15 минут, кері бағытта – 7 сағат 45 минут. Билет бағасы эконом-класс санаты үшін 191 765 теңгеден, бизнес-класс үшін 944 206 теңгеден басталмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу