Air Astana Алматыдан Ыстамбұлға ұшатын рейстерді тоқтатады

694

Ататүрік атындағы әуежайдың жабылуына және рейстердің жаңа әуежайға ауысуына байланысты Air Astana 2019 жылдың 5 және 6 сәуіріндегі кестеге өзгерістер енгізді.

Air Astana Алматыдан Ыстамбұлға ұшатын рейстерді тоқтатады

Air Astana 2019 жылдың 7 сәуірінен бастап Ыстамбұлға қарай, сондай-ақ кері ұшып шығатын барлық рейстерді Ыстамбұлдың жаңа әуежайына ауыстырады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

"Ататүрік атындағы әуежайдың жабылуына және рейстердің жаңа әуежайға ауысуына байланысты Air Astana 2019 жылдың 5 және 6 сәуіріндегі кестеге өзгерістер енгізді", – делінген компания хабарламасында.

5 сәуірдегі КС869/870 Атырау – Ыстамбұл – Атырау және КС 911/912 Алматы – Ыстамбұл – Алматы рейстері сондай-ақ, 6 сәуірдегі КС 911/912 Алматы – Ыстамбұл – Алматы және КС 917/918 Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан рейстері тоқтатылды.

Осы күндерге билет сату наурыз айының басында тоқтатылған болатын.

Қазіргі уақытта Air Astana аптасына 7 рет Алматыдан, аптасына 5 рет Нұр-Сұлтаннан және аптасына 2 рет Атыраудан Ыстамбұлға ұшатын күнделікті рейстерді орындайды.  

Айта кетсек, Ыстамбұлдың жаңа әуежайы қаланың еуропалық бөлігінен солтүстікке қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Air Astana 2002 жылы мамырда тұрақты рейстерді орындауға кірісті, қазіргі уақытта 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтитын маршруттық желісі бар. Әуекомпанияның әуе флоты Boeing-767-300ER, Boeing-757-200, A320neo, E190 және 190-E2 ұшақтарынан тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу