Air Astana арқылы 3 келіге дейін дәрі жолдауға болады

520

Еліміздің 9 қаласындағы әуежайларда дәрі қабылдайтын кеңселер ашылды.

Air Astana арқылы 3 келіге дейін дәрі жолдауға болады

"Air Astana әуе компаниясы 1 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтау және Ақтөбе қалаларындағы әуежай кеңселерінде дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тасымалдауға қабылдай бастады. Тасымалға 3 келіге дейін бетперде, қолғап, қорғаныш киімі; өндіруші зауыттың қаптамасындағы құрғақ дәрі-дәрмек; өндіруші зауыттың қаптамасындағы, сыртынан қосымша полиэтилен пакетке оралған ампулалар; таңып-байлау материалдары (бинт, бұласыр); өндіруші зауыттың қаптамасындағы шприц, системалар қабылданады", – деп жазады компанияның баспасөз қызметі.

Тауарды жөнелтер алдында фискалдық чек пен препараттардың атауы жазылған электрондық шот-фактураны көрсету керек. Компания өкілдерінің айтуынша, сұйық дәрі-дәрмекті, биоүлгілерді, зертханалық талдауларды, температуралық тәртіпті талап ететін, сондай-ақ хладагентпен қапталған дәрі-дәрмектерді тасымалдауға тыйым салынған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу