Аir Аstana Атырау-Франкфурт бағытында жаңа рейс ашады

843

Аir Аstana Атырау-Франкфурт бағытында жаңа рейс ашады

2018 жылдың 26- наурызынан бастап ұлттық тасымалдаушы Атырау мен Франкфурт арасында дүйсенбі және жұма күндері Airbus A321-де екі класты ұшағымен (бизнес-класта 28 орын, эконом-класта - 151) ұшуларды бастайды. Атыраудан Франкфуртқа ұшу уақыты 5 сағатты құрайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ұшу Lufthansa-мен кодшеринг туралы келісімі аясында жасалады.

"Біз аймақтағы корпоративтік клиенттеріміздің саяхатын ыңғайлы ететін жаңа бағыттың ашылуы туралы қуана хабарлаймыз. Көмірсутек секторы үшін Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан Атырау қаласы ерекше маңызды. Сондай-ақ, Lufthansa компаниясымен бірлескен ұшу туралы келісімшарттың кеңеюіне қуаныштымыз, ол жолаушыларға Lufthansa жаһандық ұшу желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді", - дейді компанияның маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер.

Өткен жылдың наурыз айында Астана мен Франкфурт арасындағы кодшеринг келісіміне қол қойылған сәттен бастап, "Эйр Астана" Франкфурттегі 1-ші терминалына рейстерін ауыстырды, бұл екі әуекомпания арасындағы рейс арасындағы түйісу уақытын қысқартты.

Атырау-Франкфурт рейсі - Франкфурт және Қазақстанды байланыстыратын үшінші бағыт, Астанадан күнделікті, ал Оралдан апта сайынғы рейсімен қосқанда. Сондай-ақ, жолаушыларға аптасына Алматы мен Франкфурт арасында кодшеринг келісімі аясында Lufthansa-мен орындалатын  жеті рейс қол жетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу