Air Astana әуекомпаниясы Лондон қор биржасына кіретінін растады

Компанияның жаңадан шығарылған акциялары ЖДҚ-ны сатуын қамтиды. 

Air Astana әуекомпаниясы Лондон қор биржасына кіретінін растады Фото: inbusiness.kz

Air Astana Лондон қор биржасында (LSE), АХҚО қор биржасында (AIX) және "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) бағалы қағаздар листингін жүзеге асыру ниетін растады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

"2024 жылғы 12 қаңтарда листинг өткізу ниеті туралы жарияланғаннан кейін "Air Astana" акционерлік қоғамы өзінің Жаһандық депозитарлық қолхатын (ЖДҚ) халықаралық нарықта бастапқы ашық жеткізуді және Қазақстандағы акциялар мен ЖДҚ-ны бір мезгілде ұсынуды жүзеге асыру ниетін растайды. Ұсыныс BAE Systems және "Самұрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамына тиесілі акциялар мен ЖДҚ-ны сатуды, сондай-ақ компанияның жаңадан шығарылған акциялары мен ЖДҚ-ны сатуын қамтиды", — делінген әуе компанияның мәлімдемесінде.

Осы хабарландыруға байланысты бүгін, 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 16:00-де Air Astana Group президенті Питер Фостер мен "Самұрық-Қазына" АҚ жекешелендіру және активтерді қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаевтың қатысуымен баспасөз брифингі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу