Air Astana Әзербайжанға ұшатын рейстердің санын арттырады

163

Наурыз мерекесі қарсаңында Air Astana Алматыдан Баку қаласына тікелей рейстерді қайта іске қосады.          

Air Astana Әзербайжанға ұшатын рейстердің санын арттырады Фото: simpleflying.com

15 наурыздан бастап Алматы-Баку-Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сәуір айынан бастап рейстер аптасына 3 рет, ал мамыр айынан бастап аптасына 4 ретке дейін көбейеді: дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері. Жаңа кестеде сапарларды ыңғайлы жоспарлау үшін күндізгі ұшу және қону уақыттары қарастырылған.

Сондай-ақ әуекомпания Атырау-Баку-Атырау бағыты бойынша тұрақты рейстер жиілігін аптасына 3 ретке дейін арттырады: 18 наурыздан бастап рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, ал сәуір айынан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Ұшу ұзақтығы Алматыдан 3 сағат 35 мин, ал Атыраудан 1 сағат 25 мин. Барлық алымдарды қосқанда эконом-кластағы барып-қайту әуе билеттерінің бағасы Алматыдан ұшқанда 157 182 теңгеден, ал Атыраудан ұшқанда 97 093 теңгеден басталады.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Әзербайжанға саяхаттау үшін виза қажет емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу