Air Astana БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды

807

Компания өз ұшағының Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонғаны туралы қазақстандық және ресейлік БАҚ-та тараған ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

Air Astana БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды

"Эйр Астана" әуе компаниясы өз ұшағының Мәскеудегі Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Эйр Астана" әуе компаниясы өз ұшағының Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонғаны туралы қазақстандық және ресейлік БАҚ-та тараған ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдейді. 16 мамыр күні Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша КС873 рейсімен ұшып шығуы тиіс ұшақ 40 минутқа кешікті. Оған "кейінге қалдыруға болатын жарамды дефект" себеп болған. Дегенмен, ол ақау ұшақты одан әрі эксплуатациялауға мүмкіндік берерлік деңгейде шағын болған", – деп мәлім етті "Эйр Астана" баспасөз қызметінен.

Хабарланып отырғандай, экипаж командирі Шереметьево әуежайына қонбас бұрын шектеулерді есепке ала отырып, тоқтау үшін ұзақ жолақтың қажет болуына байланысты әуежайдың ұшып-қону жолағын толық беруді сұраған.

"Әуе кемесінің командирі ешқандай апаттық қону жағдайы туралы хабарлаған жоқ. Қону штаттық режімде жүргізіліп, жолаушылар терминалдың "жеңі" (телетрап - авт) арқылы шықты. Кейінге қалдыруға болатын жарамды дефект – әуе кемесінің идентификациялық ақауы. Оған Минималды құрылғы тізімінің (MEL) немесе Конфигурацияның ауытқушылық тізімінің шегіндегі ақау ретінде баға берілді. Ақау көрсетілген шек деңгейінде қалпына келтірілді", ­– делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін БАҚ-тарда Air Astana ұшағы қозғалтқышындағы ақауына байланысты Ресей әуежайына қонғаны туралы хабарланды. ТАСС агенттігінің жазуынша, A320 ұшағы жедел қонуға мәжбүр болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу