Air Astana Бакуға ұшатын жолаушыларға маңызды мәлімдеме жасады

276

Әуежай жолаушылардан көлікке қатысты шектеу болуы мүмкін екенін ескеріп, әуежайға ұшардан кем дегенде 3 сағат бұрын келіп, уақытты бос жоғалтып алмау үшін онлайн тіркелу сұралды. 

Air Astana Бакуға ұшатын жолаушыларға маңызды мәлімдеме жасады Фото: Finance Digital Business

Баку қаласында СОР29 Конференциясы ұйымдастырылып жатқандықтан Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежай жолаушыларды жайлы әрі қауіпсіз сапармен қамтамасыз ету үшін жұмыс кестесіне өзгеріс енгізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"10-22 қараша аралығындағы сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. 10-14 қараша аралығында 1 және 2-терминалдарға әубилеттері бар жолаушылар ғана кіре алады. Әуежай алдындағы паркинге арнайы көлік қана тоқтай алады. COP29 өтетін күндері жолаушылар әуежайға H1 және H2 экспресс-автобустарымен жете алады", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу