"Air Astana" борттарын ауыстыруға қатысты бірқатар тапсырма берілді

213

2023 жылдың өткен кезеңінде "Air Astana" әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады.  

"Air Astana" борттарын ауыстыруға қатысты бірқатар тапсырма берілді Фото: ҚР Көлік министрлігі

"Air Astana" әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала тиісті хабарламасыз "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев "Air Astana" АҚ-мен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023 жылдың өткен кезеңінде "Air Astana" әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте "Air Astana"  әуекомпаниясының әуе кемелері "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстырылды, бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ын құрайды.

Кеңес нәтижесінде "Air Astana" әуекомпаниясына келесі тапсырмалар берілді:

1) "Air Astana" әуе кемелерін "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдасын;

2) әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;

3) әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) "Air Astana" резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі өз кезегінде рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу