Air Astana-дағы миллиардтық жымқыру бойынша апелляция үкімді күшінде қалдырды

458

Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды.

Air Astana-дағы миллиардтық жымқыру бойынша апелляция үкімді күшінде қалдырды Фото: Air Astana

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы "Air Astana" АҚ - да 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ барлық сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге бағытталады.

Апелляциялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерін қарап шығып, үкімді өзгеріссіз, ал шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу