Air Astana-ға тиесілі жаңа ұшақ Гамбургтен Алматыға жеткізілді

486

Бүгін түнде EI-KDL борттық нөмірі бар жаңа Airbus A321neo ұшағы тікелей Гамбургтегі өндіруші зауыттан келді.

Air Astana-ға тиесілі жаңа ұшақ Гамбургтен Алматыға жеткізілді Фото: airastana.com

Тар фюзеляжды, орта магистральды авиалайнердің бизнес-класта 28 және эконом-класта 156 орны бар, деп жазады inbusiness.kz сайты әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе кемесі Air Astana тобының флотында 64-інші болды және тасымалдау сыйымдылығының одан әрі өсуін және әуе компанияның маршруттық желісін дамытуды қолдайды.

Air Astana флоты көбінесе Airbus ұшақтарынан тұрады, бұл біріздендірудің, операциялық тиімділіктің және сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

"Airbus A321neo жоғары отын тиімділігімен, жайлылығымен және қоршаған ортаға әсерінің төмендігімен ерекшеленетін қазіргі заманғы Airbus ұшақтарының тобына жатады. Жаңа ұшақ ішкі және халықаралық бағыттарда іске қосылады", – делінген хабарламада. 

Әуе кемесі қарашаның басында Алматы-Астана-Алматы бағыты бойынша алғаш рет ұшады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу