Air Astana ішкі бағыттардағы рейстерін қайта қалпына келтіреді

297

Әуе компаниясы Астана–Шымкент және Астана–Қызылорда рейстерін қайта іске қосады.  

Air Astana ішкі бағыттардағы рейстерін қайта қалпына келтіреді Фото: shyndyk.kz

2026 жылғы 12 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясы Астана – Шымкент – Астана және Астана – Қызылорда – Астана бағыттары бойынша рейстерді қайта жандандырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе рейстері аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері орындалады. Билеттер 2026 жылғы 26 мамырдан бастап сатылымға шыққан.

Рейстердің қайта іске қосылуы өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге және ішкі әуе тасымалына деген сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу