Қазір интернетте "Air Astana" әуекомпаниясының атын пайдаланып, онлайн табыс табуды ұсынатын жалған хабарландыру жиілеп кеткен, хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мұның компанияға ешқандай қатысы жоқ, бұл – алаяқтық әрекет. Алаяқтардың тұзағына түсіп қалмаңыз және жеке деректеріңізді бөліспеңіздер", – делінген "Air Astana" хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу