Ақпаратқа сәйкес, әуе компаниясы көктемгі-жазғы ұшу кезеңінде бірқатар халықаралық рейстердің санын арттыруды мақсат етіп отыр.
"Алматыдан Анталияға рейс саны аптасына – 10, Астанадан – 7, ал Тбилисиге сәйкесінше аптасына 7 және 3 рейске дейін ұлғаяды. Алматыдан Ташкентке аптасына – 14, Астанадан – 5, Алматыдан Бішкекке – 9, ал Лондонға 5 рейске дейін ұшулар жүзеге асырылады. Алматыдан Чендуға апта сайынғы рейске қоса әуекомпаниясы Алматыдан Бейіжіңге күн сайын және Астанадан аптасына 2 рет рейс орындайды. Ыстамбұлға Алматыдан аптасына – 11, Астанадан – 7, Атыраудан 3 рейс орындалады. Алматыдан Баку және Душанбе қалаларына Air Astana аптасына 4 рет қатынайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, әуе компаниясының көктемгі-жазғы кестесіне тұрақты маусымдық бағыттар оралады.
"Алматыдан Бодрум мен Ираклионға, сондай-ақ Алматы мен Астанадан Подгорицаға рейстер аптасына 3 рет, ал Алматыдан Батумиге аптасына 5 рет орындалатын болады. Әуе тасымалдаушы Таиландқа тікелей күн сайынғы рейстерді орындауды жалғастырады: Алматы-Бангкок бағыты бойынша аптасына – 3 рет, Алматы-Пхукет бағытында – 4 рет", - деп атап өтті компания.