Air Astana компаниясы 2024 жылдың басында Лондон қаласында IPO үшін кеңесшілерді жалдайды

370

IPO аясында әуе компания шамамен 1 миллиард долларға бағалануы мүмкін. 

Air Astana компаниясы 2024 жылдың басында Лондон қаласында IPO үшін кеңесшілерді жалдайды Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы өз акцияларын отандық және Лондон қор биржаларында (LSE) орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық Bloomberg басылымының хабарлауынша, Air Astana отандық және Лондон қор биржаларында IPO-ға дайындықты бастады. Көп жылдар бойы кейінге қалдырылған бұл орналастыру 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Дегенмен, сарапшылар мәміленің нақты мерзімі нарық жағдайына байланысты болатынын атап өтті.

Операцияларды жүргізу үшін әуе тасымалдаушысы – Citigroup, Jefferies Financial Group және Wood & Co сияқты үздік халықаралық кеңесшілерді жалдады. Сондай-ақ, ішкі нарықта жұмыс істеу үшін Halyk Finance, BCC Invest, Jusan Invest және SkyBridge Invest компаниялары тартылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, IPO аясында авиациялық алпауыт шамамен 1 миллиард АҚШ долларына бағалануы мүмкін.

Айта кету керек, өз пакеттерінің бір бөлігін инвесторларға BAE Systems Британдық қорғаныс компаниясы мен "Самұрық-Қазына" қазақстандық Ұлттық әл-ауқат Қоры ұсынады. Қазір BAE Systems компаниясы Air Astana акцияларының 49%-на тиесілі, ал қалған 51%-ын әл-ауқат Қоры иеленеді. Осылайша, акционерлер өздерінің жалпы үлесін шамамен 50%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, орналастыру шеңберінде акциялардың қосымша эмиссиясы жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Bloomberg агенттігі компанияның әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілгенін мәлімдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу