Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан 640 адамды тасымалдады

97

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан 640 адамды тасымалдады Фото: Pavel Mikheyev / File Photo / Reuters

Air Astana 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейсті орындады: Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау. Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды.

4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы. Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келеді, Алматыға 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға 20:45 ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу