Air Astana Лондонға күн сайын қатынайды

826

Air Astana Лондонға күн сайын қатынайды

Air Astana Астанадан Лондонға 2018 жылдың 1 маусымынан бастап күн сайын ұшатын болады.
Жаңа жиіліктер сәрсенбі және жұма күндері қосылады, деп хабарлайды 24kz.
Рейс КС 941 сәрсенбі күні Астанадан сағат 14:35-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Лондонға сағат 16:40-та (жергілікті уақытпен) ұшып келеді.
Рейс КС 942 сәрсенбі күні Лондоннан сағат 17:55-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Астанаға келесі күні сағат 05:20-да ұшып келеді (жергілікті уақытпен).
Рейс КС 941 жұма күні  Астанадан сағат 12:35-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Лондонға сағат 14:45-те (жергілікті уақытпен) ұшып келеді.
Рейс КС942 жұма күні Лондоннан сағат 18:05-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Астанаға келесі күні сағат 05:30-те ұшып келеді (жергілікті уақытпен).
 "Бұл сұранысы мол және Қазақстан мен Ұлыбританияны байланыстыратын рейсті күнделік етіп жасағанымызға қуаныштымыз, – деді Air Astana президенті Питер Фостер. – Лондонның маңызы іскер адамдар мен туристер үшін күннен-күнге өсіп келеді. Және бұл әуе компания үшін стратегиялық тұрғыдан қолайлы сәтінде болып жатыр, өйткені біз IPO-ға шығуды жоспарлап отырмыз".
Лондонға рейстер "Боинг-757" ұшағымен орындалады. Әуе билеттерінің бағасы эконом-класта, барлық алымдармен, тек сервистік алымды қоспағанда 211 682 теңгеден басталады.
Билеттерді airastana.com сайтында, билет сату кеңселерінде және 8 (7172) 584477 телефон арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды Air Astana баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу