Air Astana Лондонға рейстерін тоқтатты

931

Шектеу 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығына енгізілді.  

Air Astana Лондонға рейстерін тоқтатты

Air Astana компаниясы 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығында Лондонға рейстерін тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz әуе компаниясының Telegram-каналына сілтеме жасап.

"Үкімет шектеулеріне байланысты біз 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығында Лондонға рейстерді тоқтатуға мәжбүрміз", – деп жазылған ақпаратта.

Компания жолаушылар билет құнын толық қайтара алатынын атап өтті.

Айта кететіні, 24 желтоқсаннан бастап бүкіл әлем бойынша авиакомпаниялар омикрон штамының таралуына байланысты барлығы 5,9 мыңға жуық рейсті тоқтатты.

Еске сала кетсек, ДДСҰ Еуропа аймағының деректері бойынша соңғы айда 54 елдің 25-інде омикрон штамының таралуына байланысты сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Көптеген елдер індеттің жаңа түрі тараған Африка елдерінен келетін рейстерге шектеу енгізілді. Соңғы 14 күнде Францияда аурудың барынша өсуі байқалды. 

Онда сырқаттанушылық 154%-дан астам, Португалияда 80%-дан астам, Швецияда 60%-дан астам, Италияда 50%-дан астам өсті. Қазақстанда соңғы апталарда сырқаттанушылық төмендеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу