Air Astana мемлекет көмегіне мұқтаж емес – Андрей Кравченко

600

Әлемдегі әуе компанияларының 45 пайызы жұмысшыларын қысқартқан.

Air Astana мемлекет көмегіне мұқтаж емес – Андрей Кравченко

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко Air Astana компаниясы банкрот жарияламайтынын айтты.

"2020 жыл әлемдік авиация тарихында ең бір шығынды жыл болып тұр. Тасымал көлемі 58 пайыз, жүктелім 51 пайыз түсті. Әлемдегі әуе компанияларының 45 пайызы жұмысшы штатын қысқартты. Осындай дағдарысқа қарамастан, Air Astana жұмыс орындарын сақтап отыр. Әзірге барлық қиындықтарды мемлекет пен біздің қордың көмегінсіз еңсеріп келеді. Біз Air Astana компаниясын мақтан тұтамыз. Осы кезеңде ұжым тәуекелдермен өте байыпты жұмыс істеді. Қазіргі ахуалы тұрақты. Егер пандемияның созылу тәуекелдері азайса,  алаңдауға негіз болмайды деп ойлаймын. Банкрот жариялауға да ешқандай негіз жоқ Ал Qazaq Air компаниясының жағдайы күрделірек. Дегенмен әзірге нарықтағы өзгерістерге қарай отырып, ол туралы да оптимистік болжамдар айтуға болады", – деді қор директоры.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу