Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеру жүргізілетін болды

262

14 тамызда Азаматтық авиация комитеті маңызды мәлімдеме жасады. 

Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеру жүргізілетін болды Фото: kz.kursiv.media

Мәлімдеме "Air Astana" АҚ және "FlyArystan" АҚ әуе компаниялары рейстерінің кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Air Astana" мен "FlyArystan" АҚ-тардың техникалық себептерге байланысты рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымға қатысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды", делінген ҚР ААК баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының бұйрығымен "Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні нақтыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу