Air Astana мен Scat компанияларына тексеру басталды

878

Тексеру Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1 тармағы, яғни, "Әуе билеттеріне жоғары баға белгілеу үшін  нарықтағы монополиялық жағдайды теріс пайдалану" дерегі бойынша жүргізілуде. 

Air Astana мен Scat компанияларына тексеру басталды

Елдегі екі бірдей әуе компаниясының үстінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша тексеру басталды. Мұндай шараға Ұлттық экономика министрлігі азаматтық авиация комитеті түсірген шағым негізінде бастамашы болып отыр. 

Тексеру Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1 тармағы, яғни, "Әуе билеттеріне жоғары баға белгілеу үшін  нарықтағы монополиялық жағдайды теріс пайдалану" дерегі бойынша жүргізілуде. 

Тексеру нәтижесінде азаматтық авиация комитеті түсірген шағымның қаншалықты негізді екеніне баға берілмек. 

Finprom.kz сайтының ақпаратына қарағанда, жыл басынан бері 5,6 млн адам әуе арқылы қатынаған. Оның 34 пайызы Air Astana компаниясына, 8 пайызы Scat компаниясына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу