Air Astana Атырау-Алматы КС878 рейсін кешіктіруде. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, техникалық тексеру жүргізіліп жатыр.
Airbus A320 әуе кемесін тексеру кезінде қозғалтқыштан құс қалдықтары табылған. Техникалық жағдайды бағалау үшін бортты пайдалану тоқтатылған.
"Осыған байланысты Атырау-Алматы КС878 рейсі кідіреді", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу