Air Astana‎-ның техникалық рейсі кезінде орын алған жағдайды тексеру аяқталды

637

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитстің айтуынша, GPIAAF есебі жан-жақты жасалған, ұсыныстардың бәрін бағалауды аяқтау үшін бірнеше ай қажет болады.

Air Astana‎-ның техникалық рейсі кезінде орын алған жағдайды тексеру аяқталды

Португалияның Авиациялық оқиғалардың алдын алу және тергеу департаменті (GPIAAF) "Эйр Астана" әуекомпаниясының 1388 техникалық рейсі кезінде орын алған авиациялық инцидентті тексеруді аяқтады, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитеті.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 11 қарашасында "Эйр Астана" әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы Португалияның авиациялық-техникалық орталығынан Қазақстанға KC1388 рейсін орындау кезінде, техникалық ақаулар байқалып, экипаждың жақын маңдағы әуежайға қонуына тура келген еді. Кеме Бежа қаласының әскери әуежайына аман-есен қонған болатын, бортта жолаушылар болмағанын айта кету керек.

Осы жағдайды GPIAAF зерттей келе, техникалық қызмет көрсету кезінде элерондарды басқарудың кабельдік жүйесі дұрыс орнатылмағанын анықтаған.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитстің айтуынша, GPIAAF есебі жан-жақты жасалған, ұсыныстардың бәрін бағалауды аяқтау үшін бірнеше ай қажет болады.

"Ұшақтың ұлттық экипажы қатты зақымдалған ұшақты жерге қондырып, өте жақсы жұмыс атқарды. Бұл есеп экипаждың кәсіпқойлығы мен жанқиярлығына, жер бетінде адам шығынына жол бермеу үшін әуе кемесін Атлант мұхитына жіберуге дайын болғанына дәлел",– дейді ол.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі экипажға кәсібилігі үшін алғыс білдіреді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу