Air Astana-ның ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

744

"Ташкент-Астана" бағытындағы ұшақ Шымкентке қонды.

 Air Astana-ның ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

22 маусымда Air Astana-ның "Ташкент-Астана" бағытындағы КС 128 рейсі Алматы уақытымен сағат 16:15-те Шымкентке шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды yunews.kz.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі экипаж қауіпсіздік үшін ең жақын маңдағы аэропортқа қонғанын, ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

"Бірнеше сағаттан соң барлық жолаушы "Шымкен-Алматы" тұрақты рейсімен жөнелтілді",–делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, ұшақтың герметизация жүйесінен ақау шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу