Air Astana өзіне салынған 6,7 млрд теңге айыппұлға қатысты: Ақпарат шындыққа жанаспайды

Компания жанармайға қосымша ақысы алу мен айыппұлдарға қатысты түсініктеме берді. 

Air Astana өзіне салынған 6,7 млрд теңге айыппұлға қатысты: Ақпарат шындыққа жанаспайды Фото: inbusiness.kz

"Air Astana нарықтағы үстемділікті теріс пайдалану және бағаны негізсіз көтеру салдарынан әуекомпаниясына айыппұл салынды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Әуекомпаниясы құрылған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет етеді. Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу мақсатында жүргізілген тексерулер әуетасымалдаушысы жұмысында ешқандай бұзушылық анықтаған жоқ. Жанар-жағармайға қосымша ақы алу "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" ҚР Заңының 76-бабында көзделген және Қазақстандағы жанар-жағармай бағасының жоғары құбылмалылығымен байланысты", – деп хабарлады отандық әуекомпания. 

Қазіргі уақытта әкімшілік іс сотта қаралып жатқанындықтан әуекомпаниясы заңды бұзу және айыппұл төлеу туралы мерзімінен бұрын қорытындылар сотқа қысым ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен қатар компания өзінің бюджеттік бөлімшесін жеке заңды тұлға ретінде бөліп шығару 2024 жылға дейін мүмкін емес екенін растады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу