Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді.
"Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек",- деп хабарлады компаниядан.
Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау,
Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу