Air Astana табысы 140 млрд теңгеге төмендеуі мүмкін

1380

Компания 7300 рейс жоспарлап, оның 67%-ын орындай алмаған.

Air Astana табысы 140 млрд теңгеге төмендеуі мүмкін

Биылғы жылы ұлттық әуе тасмалдаушысының табысы 140 млрд теңгеге немесе 33%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді.

"Егер жоспарлы көрсеткіштер туралы айтар болсақ, биылғы жылы Air Astana табысы 140 млрд теңгеге немесе 33%-ға төмендейді. Ал Qazaq Air компаниясының табысы 6,2 млрд теңгеге немесе 44%-ға төмендейді", – деді Қанат Алпысбаев.

Сондай-ақ ол бұл көрсеткіштер әуе қатынасы 15 мамырдан ары қарай жанданған жағдайда расталатынын атап өтті.

"Мен әуе компаниялары 15 мамырда жұмысын жалғастыра бастағандағы жағымды сценариді айтып отырмын", – деді "Самұрық-Қазына" АҚ  логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры.

Жалпы наурыз-сәуір айларында Air Astana компаниясы 7300 рейс жоспарлап, оның 67%-ын орындай алмаған. Ал бұл уақытта Qazaq Air 1520 рейсті жоспарлаған. Алайда әуе тасымалдаушысы оның 1110-ын жүзега асыра алмаған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу