Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды

1213

Алматы– Шымкент рейсі орындалмады.

Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды

Air Astana-ның Алматыдан Шымкентке рейсі орындалмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған рейс жолаушылары әлеуметтік желіде наразылық білдіруде.

"Әуежайда 50 ден аса жолаушы Air Astana (КС 971, ұшу уақыты 7.35, бағыт Шымкент) сервисіне наразы. Біз аспанға көтеріліп, Қапшағайға жеттік те, айналып айналып, қайтып келдік. Бір сағаттай ұшақта отырдық. Кейін экипаж желдету жүйесінде ақау пайда болғанын түсіндіріп жатты. Әуежайда менеджерді өзіміз тауып алдық. Менеджер болса Астанадан Шымкентке тәулік бойы жете алмай келе жатқан үлкен кісілерге дөрекілік көрсетті. Менің кездесулерім мен дәрісім болмайтын болды. Амалым құрып, үйіме қайтып келдім", – деп жазды "Қант диабетін зерттеу бойынша Қазақстан қоғамы" АҚ президенті Жанай Ақанов.

Бұл оқиғаға байланысты Air Astana өкілдері түсінік берді.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. "Эйр Астана" әуе компаниясы рейстер бөгелген, ұшпай қалған, ауысқан жағдайда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ережесі бойынша әрекет жасайды. Ең алдымен бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында тұрады. Егер басқа да сұрақтарыңыз болса ce@airastana.com электронды поштасына жазуыңызды сұраймыз", – деді Air Astana әуе компаниясынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу