"Air Astana" ұшағына көзі қызарғаны үшін кіргізілмеген қыз айыппұл арқалады

984

Ол масаң күйде болған.

"Air Astana" ұшағына көзі қызарғаны үшін кіргізілмеген қыз айыппұл арқалады Фото: Бейнежазбадан

Көзі қызарып, "Air Astana" ұшағына отырмақшы болған жолаушы ақыры Айыппұл арқалады. Ол өз кінәсін ішінара мойындап, мас күйінде болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оқиға 26 шілдеде Нәбиева "Air Astana" ұшағына отырар кезде болған. Әуе компаниясы жолаушыны мас болғаны үшін бортқа кіргізбеген болатын. Артынша полиция шақырған.

Алматының әкімшілік соты, алкогольді ішімдіктерді ішуге қатысты ережелерді бірнеше рет бұзып, қоғамдық орындарда мас күйде жүрді деп айыпталған Карина Нәбиеваға қатысты істі қарады.

"Бортсеріктердің әрекетімен келіспей, болып жатқан оқиғаны телефонына түсірген. Осылайша ол қоғамдық дау тудырған", – делінген хабарламада.

Нәбиева өз кінәсін ішінара мойындап, мас күйінде болғанын айтты. Бірақ ол қоғамдық тәртіпті бұзбағанын және айыппұлды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Іс материалдарына сәйкес, стюардессалар қыздың мас болғанын, өз аты-жөнін айтпағанын және одан алкоголь иісі шыққанын растаған. Осыған байланысты экипаж командирі оны бортқа жібермеу туралы шешім қабылдады.

Нәбиеваның өкілдері әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты істі қысқартуды сұрады. Алайда, сот аздаған масаңдық дәрежесін растаған медициналық сарапшының қорытындысына сүйене отырып, оны кінәлі деп танып, 10 АЕК – 36 920 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу