Air Astana ұшақтан табылған жарықшақтың қаупі қаншалықты болатынын айтты

Әуе компаниясы ұшақ фюзеляжындағы жарықшаққа қатысты түсініктеме берген. 

Air Astana ұшақтан табылған жарықшақтың қаупі қаншалықты болатынын айтты Фото: Air Astana

Мұндай ақпаратты олар ресми Telegram арнасына жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Air Astana-ның мәліметінше, жарықшақ жүк бөлігінің қаптамасында, дәлірек айтқанда ұшақтың қауіпсіздігіне әсер етпейтін жерде пайда болған.

– Құрылманың сындарлы емес жерінде, атап айтқанда жүк бөлігінің қаптамасының жеңіл панелі бекітілген жерінде ұзындығы 25 мм сызат табылған. Бұл ұсақ ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді және ұшу кезінде пайда болуы мүмкін, – деп жазылған хабарламада.

Ресми парақшада бүлінген жердің жөнделгені жазылған.

– Air Astana әуе кемесінің үздіксіз ұшуға жарамдылығын және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ете отырып, техникалық байқаудың белгіленген бағдарламасын қатаң сақтайды және барлық қажетті жөндеу жұмысын әуе кемесін өндірушінің нұсқауларын толық сақтай отырып жүргізеді. Қазір бүлінген жерлер жөнделіп, ұшақ пайдалануға қайтарылды, – дейді әуе компаниясы өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу